Halyq Uni логотип
×

Павлодар облысында сегіз айлық сәби өлі табылды: жаңа деректер шықты

Денсаулық сақтау басқармасы баланың шын мәнінде өз жасына сәйкес салмағы өте аз екенін хабарлады

 

 Халық үні 23.11.2023 | 07:33
Павлодар облысында сегіз айлық сәби өлі табылды: жаңа деректер шықты
фото: canvera.com

21 қарашада Павлодар облысында өлі табылған 8 айлық сәбиге қатысты жаңа деректер шықты, - деп хабарлайды КТК арнасы.

Vita еріктілер тобы сегіз айлық сәбидің өлімі туралы бірінші болып хабарлап, бір апта бұрын олар өз анасы өлтірді деген жеті жасар Милана Давыдованың өлі денесін тапқан еді. 

Денсаулық сақтау басқармасы баланың шын мәнінде өз жасына сәйкес салмағы өте аз екенін хабарлады.

Бұл іске қатысты тергеу басталды. Анасы дәрігерді шақырғанымен, қызы қайтыс болғанға дейін оның қайда болғаны белгісіз. Жергілікті тұрғындар отбасының жақсы өмір сүргенін және бұдан бөлек тағы екі бала бар екенін айтты. Олардың айтуынша, екі бала үнемі таза киінеді, ал анасының жаман әдеті болмаған. Балалар қазір көмек беру орталығына жеткізілді.

«Бізге жедел қоңырау түсті. Бала көгерген, демалмайды деп шақырды. Келген кезде бұл баланың қайтыс болғаны расталды. Бала 4,5 айлық кезінде Павлодар қаласындағы №3 емханада қаралған. Яғни, хирургтың тексеруінде болған. Онда «дені сау деген диагноз қойылған,- деді Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Айгүл Мұқышева.

Еске салайық, бұған дейін Павлодар облысында 8 айлық сәби өлі табылғаны туралы хабарланған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама