Еліміз бойынша тұман болады, көктайғақ, солтүстік-батыста жел күшейеді
«Қазгидромет» РМК 23 қарашаға ауа райы болжамын жариялады.
Қазақстанның басым бөлігіне оңтүстік Каспий циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронт әсерінен жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады, солтүстік-батыста, оңтүстік-батыста, Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда-қатты жауын-шашын болады.
Еліміз бойынша тұман болады, көктайғақ, солтүстік-батыста жел күшейеді.
Қостанай облысының оңтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында, Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, Түркістан облысының тау асуларында жел 23-28 м/с, кейде екпіні 30 м/с және одан да көп болады деп күтілуде.