«Қазгидромет» РМК 23-25 қарашаға ауа райы болжамын жариялады.
Қазақстанның басым бөлігі әлі күнге дейін циклонның ықпалында болады, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі: қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) 23 қарашада оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, 23-24 қарашада солтүстік-батыста, 24 қарашада солтүстікте күтіледі.
Кезеңнің аяғында ғана оңтүстікте, оңтүстік-шығыста және орталықта ауа-райы біртіндеп тұрақталады, жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі. Республика бойынша жел 15-28 м/с күшейеді, 23 қарашада солтүстікте, солтүстік-батыста, 23-24 қарашада оңтүстік және оңтүстік-шығыста өте қатты жел 30 м/с және одан да аса болжанады, солтүстік жартысында бұрқасын, көктайғақ болады деп күтілуде.
Кезеңнің соңына қарай ауа температурасы батыста түнде 15 аяз-2 жылыдан 8 аяз-8 жылыға дейін жоғарылайды, солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта түнде 3-15 аязға дейін, республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында түнде 6 аяз-5 жылыға дейін төмендейді, шығыста 10 аяз-3 жылы күтіледі.