Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды
Шығыс Қазақстан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ҰҚК департаментімен және прокуратурамен бірлесіп, жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелері бойынша облыстың экология департаменті басшысының орынбасарын әшкереледі, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Антикордың мәліметінше, ол ӘҚБтК-нің 328-бабы 4-бөлігі («Қоршаған ортаға жол берілетін антропогендік әсер ету нормативтерін бұзу») бойынша өңірдегі кәсіпорындардың бірін әкімшілік жауапкершілікке тартпағаны үшін ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінген.
Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.