Белгісіз адамдардың ізінен 95 келі есірткі табылды
Әзербайжан Республикасы мен Иран Ислам Республикасының мемлекеттік шекарасында атыс болды.
Белгісіз екі адам Иран аумағынан, яғни «Горадиз» кеден бекетінен Әзербайжанның территориясына кіруге талпынып, онысынан ештеңе шықпаған соң, шекарашыларға қарсы қару қолданған. Сол жерде шекарашылармен атыс болған.
Шекараны бұзушылар Әзербайжан шекарашыларының «Тоқта!» деген бұйрығын орындамаған. Содан кейін Иранға қайтып қашып кеткен. Әзербайжан әскерилері Иран азаматтарының ізіне түскенде олардың 95 келі есірткі қалдырып кеткенін анықтады.