×

УЕФА Ұлттар лигасы: Қазақстан әйелдер құрамасының тізімі жарияланды

Ертең команданың топтық турнирдегі алғашқы матчы болады 

 Дастан Жұмабекұлы 22.11.2023 | 14:50
Фото: Қазақстан футбол федерациясы

Футболдан әйелдер құрама командасының бас жаттықтырушысы Мадияр Кембілов УЕФА Ұлттар лигасының топтық турнирі аясында өтетін матчтарына шақырту алған ойыншылар тізімін жариялады, деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясы.

Израиль құрамасымен ойындар бейтарап алаңда өтеді. Бұл елдің командасымен матчтар Мажарстанның Тельки қаласындағы «Глобалль» стадионында болады. Ал ұлттық құраманың Эстония және Армениямен матчтары «Астана Арена» стадионында өтеді.

Қазақстан әйелдер құрамасына шақырту алған ойыншылар тізімі:

Қақпашылар: Ангелина Портнова («Оқжетпес»), Анастасия Хохлова («Локомотив», Ресей), Арина Орел («Ақсу»);

Қорғаушылар: Айгерім Айтымова, Александра Бурова, Бибігүл Нұрышева, Мария Демидова (барлығы – «БИІК-Шымкент»), Юлия Мясникова (ЦСКА, Ресей), Анастасия Власова («Оқжетпес»), Айша Садықова, Камила Совет (екеуі де – «Томирис-Тұран»), Назым Алданазар («Қайрат»);

Жартылай қорғаушылар: Аида Гайстенова («Енисей», Ресей), Камила Кұлмағамбетова («Ворскла», Украина), Әселхан Тұрлыбекова, Карина Жұмабайқызы, Фатима Сатығалиева, Алина Лозукова, Ксенья Хайрулина (барлығы – «БИІК-Шымкент»), Әсем Қаражанова, Анастасия Низамутдинова (екеуі де – «Томирис-Тұран»), Карина Берікова, Адина Ізімбаева, Эльмира Абдулаева (барлығы – «Қайрат»);

Шабуылшылар: Анель Мақсат («Қайрат»), Арайлым Орынбасарова («Оқжетпес»), Анеля Мамырова («Томирис-Тұран»);

Жаттықтырушылар штабы: Мадияр Кембілов – бас бапкер, Бегайым Қырғызбаева – бас бапкердің көмекшісі, Мұрат Қаламбеков – дене даярлығы жаттықтырушы, Мұрат Мұқашев – қақпашылардың жаттықтырушысы, Еркебұлан Нұрәлиев – дәрігер, Максим Дудкин – массажист, Ердос Кәлімов – массажист, Хайдар Кубейов – әкімші, Данияр Анес – менеджер.

Қазақстан әйелдер құрамасының ойындар кестесі (Астана уақыты көрсетілген):

23.11.2023

Қазақстан W – Израиль W – 18:00

«Глобалль», Тельки (Мажарстан)

26.11.2023

Израиль W – Қазақстан W – 18:00

«Глобалль», Тельки (Мажарстан)

01.12.2023

Қазақстан W – Эстония W – 20:00

«Астана Арена», Астана

05.12.2023

Қазақстан W – Армения W – 21:00

«Астана Арена», Астана

Серіктес жаңалықтары

Сараптама