Halyq Uni логотип
×

Қостанайда көлік түсіп кеткен орды қазғандардың үстінен іс қозғалды

Оқиға орнында тиісті жол белгілері болмаған

 Динара Амантай 22.11.2023 | 14:34
Қостанайда көлік түсіп кеткен орды қазғандардың үстінен іс қозғалды
Фото: видеодан скриншот

Қостанайда полиция көлік түсіп кеткен траншеяның мердігерін анықтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, бүгін таңғы сағат 9 шамасында Летунов көшесіндегі үйлердің бірінің жанында Infiniti автокөлігінің 30 жастағы жүргізушісі қазылған орға түсіп кеткен.

Көлікте отбасы, оның ішінде бала болған. Апат салдарынан көлік жолаушысы зардап шекті. Полиция кабель тарту бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізген мердігер ұйымды анықтады.

Бұл ретте оқиға орнында тиісті жол белгілері болмаған.

Зардап шеккендерге сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Оның нәтижелері бойынша іс жүргізу шешімі қабылданатын болады, – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама