ҰҚК бірқатар өңірде көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлерін ұстады (ВИДЕО)

Динара Амантай

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр

Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Кеше Ұлттық қауіпсіздік комитеті Бас прокуратураның үйлестіруімен Астана, Шымкент қалаларында, сондай-ақ Ақтөбе, Қарағанды және Қызылорда облыстарында жедел-тергеу шараларының шеңберінде Көлік министрлігі көліктік бақылау инспекциясының бірқатар қызметкерлерін ұстады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, олар салмақтық және габариттік параметрлерін бұзған автокөліктерді бөгетсіз өткізуге кәсіпкерлерден жүйелі түрде ақша бопсалағандары үшін күдікке ілінген.

Қылмыстық кодекстің 366-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр, – делінген прокуратура хабарламасында.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес, өзге ақпараттар жариялауға жатпайды.