Жол қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр
Елорда сыртындағы барлық бағыт бойынша жол қозғалысы шектелді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Сондай-ақ ауа-райының нашарлауына байланысты Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Павлодар өңірлерінің аумағындағы бірқатар жолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді.
Жалпы ұзындығы 2,9 мың шақырымды қамтитын 26 күре жол жабық. Бұл – республикалық маңызы бар жолдар желісінің 12%-ы.
Қысқы күтіп-ұстау жұмыстарына 230 арнайы техника мен 300 маман жұмылдырылды. 120 текше метр құм-тұз қоспасы пайдаланылды.