Биыл Алматы қаласының Жетісу ауданында 10 жерасты және 5 жерүсті өткелдері жөнделді
Тротуарлар мен тактильді плиталар ішінара ауыстырылды
Қалалық мобильділік басқармасы биыл ұзындығы 21,4 шақырым 17 көшедегі жолдарға орташа жөндеу жүргізді, деп хабарлады Halyq Uni.
Жетісу ауданының әкімі Гүлнар Көкебаеваның айтуынша, ұзындығы 6,7 шақырым 11 мекенжайда тротуарлар салынып, жөнделді. Биыл ұзындығы 15 шақырым 23 көшеде, 2024 жылы ұзындығы 67,5 шақырым 35 көшеде көлем қалдығын аяқтау жоспарланған.
Биыл 10 жерасты жаяу жүргіншілер өткеліне ағымдағы жөндеу жүргізілді. Тротуарлар мен тактильді плиталар ішінара ауыстырылды. Төбелерге софиттер, вандалға қарсы жарықтандыру құрылғылары, музыкалық жабдықтар және бейнебақылау жүйесі орнатылды. Сондай-ақ әкімдік Солтүстік айналымдағы 5 жерүсті өткеліне ағымдағы жөндеу жүргізді. Металл конструкцияларын сырлау, бейнебақылау камераларын орнату және жарықтандыру жұмыстары жүргізілді, - деді ол.
Сондай-ақ биыл кейбір функциялар аудандық әкімдіктерге берілгеннен кейін ұзындығы 150 шақырым 95 көшеде инженерлік желілер салу бойынша жобалар іске асырылып жатыр.