×

Ауа райының қолайсыздығынан 8 жол учаскесіне шектеу енгізілді

Күтіп-ұстау жұмыстарына 170 арнайы техника мен 240 маман жұмылдырылған

 Динара Амантай 22.11.2023 | 10:27
Фото: pexels

Екпінді жел мен қатты жаңбыр салдарынан еліміздің үш өңіріндегі 8 жол учаскесіндегі жол қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

«Қазавтожол» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, күтіп-ұстау жұмыстарына 170 арнайы техника мен 240 маман жұмылдырылған.

Ақмола облысында:

«Қостанай – Әулиекөл – Сұрған» күре жолының Қостанай облысының шекарасынан Сұрған ауылына дейін;

«Жақсы – Есіл – Бұзылық» жолының Жақсы ауылы мен Бұзылық ауылы арасы;

«Жезқазған – Петропавл» күре жолының СҚО шекарасынан Қостанай облысының шекарасына дейін;

«Екатеринбург – Алматы» тасжолының СҚО шекарасынан Атбасар қаласына дейінгі аралығы.

Солтүстік Қазақстан облысында:

«Жезқазған – Петропавл» күре жолының Ақмола облысының шекарасынан Дружбинское ауылына дейін;

«Екатеринбург – Алматы» күре жолының Чистополье ауылынан Ақмола облысының шекарасына дейінгі аралық.

Қостанай облысында:

«Қостанай – Әулиекөл – Сұрған» күре жолының Әулиекөл ауылынан Ақмола облысының шекарасына дейін;

«Жезқазған – Петропавл» тасжолының Арқалық қаласы мен Ақмола облысының шекарасына дейінгі аралығында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама