Заңсыз қаулының күші жойылды
Павлодар қаласының әкімдігі кеме жөндеу зауыты жұмыс істейтін жер учаскесін мектеп салу үшін белгілеген, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Облыстық прокуратураның мәліметінше, биыл қыркүйекте қаланың бас жоспарына қайшы келетін егжей-тегжейлі жоспарының жобасы заңсыз бекітілген. Бір айдан кейін екі шаруашылық жүргізуші субъектіден жерді мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау туралы қаулы шығарылған.
Мұндай шешім бизнестің болуын тоқтатады, жер және су заңнамасының талаптарына қайшы келеді, бастысы, оқушылардың өміріне қауіп төндіреді. Сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумаққа жататын «Ертіс» өзенінің жағалауына мектеп салуға жол берілмейді, – делінген прокуратура хабарламасында.
Павлодар облысы прокурорының араласуынан кейін жергілікті атқарушы органның заңсыз актілері қадағалау актісі бойынша күшін жойды. Енді жаңа мектеп салу үшін басқа жерлер қарастырылып жатыр.