×

Израиль мен ХАМАС соғысты уақытша тоқтатуға келісті

Атысты 4 күнге тоқтату туралы келісім жасалды

 Дастан Жұмабекұлы 22.11.2023 | 09:15
Фото: Ibraheem Abu Mustafa/REUTERS

Израиль Үкіметі ХАМАС ұйымымен соғысты уақытша тоқтатуға келісті. Бұл келісім бойынша ХАМАС Израильдің 50 азаматын тұтқыннан босатуға тиіс. Ал Израиль түрмелерден 150-ге жуық палестиналық әйелдер мен кәмелетке толмаған балаларды босатады. Сол сияқты, ХАМАС тұтқыннан босататын азаматтардың бәрі де израильдік әйелдер мен балалар болады.

ВВС-дің хабарлауынша, келісім бойынша Израиль Газа секторында оқ атуды 4 күнге тоқтатады. Оқ ату тоқтатылған күндері Газаға гуманитарлық көмек пен отын тиелген жүк көліктері жеткізіледі.

Атыс тоқтатылатын 4 күнде ХАМАС кепілге алынған 30 баланы, 8 ана мен тағы 12 әйелді босатады, – деп хабарлады ВВС Haaretz басылымына сілтеме жасап.

Тұтқындарды босату бейсенбі күні басталуы мүмкін. Келісім мақұлданғаннан кейін Израиль түрмеден босатылатын палестиналықтар туралы толық ақпаратты жариялауға тиіс.

Қолда бар дерекке қарағанда, Израиль Үкіметінің мүшелері ХАМАС-пен келісімге келу үшін 6 сағат кеңескен.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама