Үш жылдан бері іздеуде жүрген қазақстандық Грузияда ұсталды

Динара Амантай

Қазір оны экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр

Фото: Halyq Uni

Бас прокуратураның үйлестіруімен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Грузия аумағында 2020 жылдың наурызынан бері іздеуде жүрген күдікті – Қазақстан азаматын ұстады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оған қаржы пирамидасын құрды және оған басшылық жасады деген айып тағылды. Келтірілген шығын – 3,6 млрд теңге. Қылмыстық іс бойынша 600-ден астам жәбірленушінің шағымы қайта қаралып жатыр, – делінген прокуратура хабарламасында.

Қазір оны экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.