Halyq Uni логотип
×

Көктайғақ, жел, жаңбыр: Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ болады деп күтіледі

 Халық үні 21.11.2023 | 21:39
Көктайғақ, жел, жаңбыр: Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
Фото: yandex.ru

Синоптиктер 22-23 қарашада қолайсыз ауа райына байланысты республикамыздың 16 өңірінде дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК. 

Астанада оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 16-21 м/с құрайды, 23 қарашада елордада көктайғақ болады, соққан желдің екпіні 23-28 м/с дейін жетеді деп күтіледі. 

Шымкентте аракідік қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

22, 23 қарашада Ақмола облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп күтіледі. 22 қарашада облыстың солтүстігінде, 23 қарашада облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады деп болжанады. Өңірдің батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с, 22 қарашада облыстың батысында, солтүстігінде, 23 қараша облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында соққан желдің екпіні 23-28 м/с, кей тұста 30 м/с дейін жетеді деп күтіледі. 

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ болады деп күтіледі. Күндіз өңірдің батысында, солтүстігінде, түнде оңтүстік пен орталықта оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. 

Атырау облысының басым бөлігінде солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде, тіпті 30 м/с және одан да көп болады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады деп болжанады.

22 қарашада, 23 қарашада түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп күтіледі. 22-24 қарашада өңірдің оңтүстігінде, таулы аймақтарында тұман түседі. 22-24 қарашада облыстың таулы аудандарында, оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді деп болжанады.

Түнде және таңертең Жетісу облысының таулы аудандарында тұман болады деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің Алакөл ауданындағы екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетуі мүмкін.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с,  кей тұста 23-28 м/с дейін жетуі мүмкін. 

Күндіз Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың батысында, орталығында оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, түнде 25 м/с дейін жетеді деп болжанады.

22-23 қарашада Қостанай облысының батысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ, тұман, боран болады деп болжанады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, солтүстігінде оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с,  тіпті облыстың оңтүстігінде 30 м/с және одан да көп болуы ықтимал.

Қызылорда облысының орталығында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с болады деп күтіледі. 

Маңғыстау облысында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді деп күтіледі. 

Павлодар облысының солтүстігінде, батысында көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді деп болжанады.

22, 23 қарашада Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, боран болады деп күтіледі. Оңтүстік-батысқа ойыса оңтүстік-шығыс тан соққан желдің екпіні 22 қарашада облыстың оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с, кей тұста  23-28 м/с құрайды. 23 қарашада облыстың оңтүстігінде, батысында соққан желдің екпіні 30 м/с немесе одан да көп болады деп күтіледі.

Таңертең және түстен кейін Түркістан облысының таулы аудандары мен тау бөктерінде қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың басым бөлігінде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с болады деп күтіледі.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың басым бөлігінде оңтүстік-батысқа ойыса оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, түнде 25 м/с дейін жетеді деп болжанады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама