Halyq Uni логотип
×

«Полицияға 49 рет хабарласқан» - Қостанайда аяусыз өлтірілген әйелдер туралы дерек

Ол әйелімен қоса оның құрбысын да пышақтап өлтірген 

 Халық үні 21.11.2023 | 19:53
«Полицияға 49 рет хабарласқан» - Қостанайда аяусыз өлтірілген әйелдер туралы дерек
фото: obozrenie.kz

Қостанайда мас ер адам әйелі мен оның құрбысын пышақтап өлтірген. Әйел өзін күйеуі өлтіргенге дейін полицияға 49 рет хабарласқан.

Бұл туралы Бас прокуратура үйлестіру кеңесінің отырысында айтылды. Кеңес отырысында тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелері талқыланды. 

Өткен жылы Қостанайда ер адам алкогольдік ішімдік ішу кезінде әйелі мен құрбысын пышақтап өлтірген. Анықталғандай, әйелі кісі өлтіргенге дейін полицияға 49 рет хабарласқан, – деді Бас прокуратураның қоғамдық мүдделерді қорғау қызметінің басшысы Марат Әбішев.

Оның айтуынша, ішімдік ішу ауыр зардаптарға әкеп соқтырған.

Сондықтан біз заңға қосымша квалификациялық белгі ретінде «осы әрекеттерді алкогольдік немесе басқа да мас күйінде жасауды» қосуды ұсынамыз, – деді прокурор.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама