×

Алматы орталығында қонақ үйден өрт шықты

Қабылданған жедел шаралардың нәтижесінде 57 адам құтқарылды

 Динара Амантай 20.05.2022 | 09:40
Фото: almaty_tjd

Кеше Алматы қаласының орталығында орналасқан «Hotel Plaza Almaty» қонақ үйі өртке оранды. 

Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 22:21-де ведомство басшысы полковник Руслан Қасыбаев пен ТЖД күштері мен құралдары Алмалы ауданы, Қожамқұлов көшесі, 270/120 мекен-жайы бойынша қонақ үйдегі өрт туралы хабарлама бойынша шықты.

Оқиға орнына келген кезде 6 қабатты қонақ үйдің цокольдық қабатында орналасқан, саунаның жануы анықталды. Ғимараттың барлық қабаттарында қатты түтінделу болып, адамдардың өміріне қатер тудырды.

Өрт сөндірушілер дереу құтқару жұмыстарын бастады. Күштер мен құралдарды жұмылдыру шарасы бойынша өрт болған жерде жедел штабтың жұмысы құрылып, екі жауынгерлік учаске құрылды. Құтқару жұмыстарына газ-түтіннен қорғау қызметінің 12 буыны, үш өрт сөндіру автосаты, төрт үш иінді жылжымалы баспалдақ жұмылдырылды, – делінген ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қабылданған жедел шаралардың нәтижесінде 57 адам құтқарылды. Құрбан болғандар жоқ.

Өрт сағат 23:25-те (келген сәттен бастап 59 минут) ауыздықталып, сағат 23:44-те сөндірілді.

Өртті сөндіруге жеке құрамнан 42 адам, 14 бірлік техника жұмылдырылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама