Конституциялық Сотқа шетелдік БАҚ өкілдері келді
Журналистер конституциялық бақылау органының қызметіне қызығушылық білдірді
Қазақстандық конституциялық бақылау органының қызметіне 18 елден келген (Австрия, Бельгия, Грузия, Испания, Италия, Катар, Қытай, Корея, Қырғызстан, Литва, Молдова, Пәкістан, Польша, Португалия, Тайланд, Түркия, Өзбекстан және Чехия) 20-дан астам журналист қызығушылық білдірді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Конституциялық Соттың судьялары Эльвира Азимова, Бақыт Нұрмұханов, Роман Подопригор Қазақстанға Сыртқы істер министрлігінің шақыруымен келген шетелдік журналистер тобымен кездесті. Шетелдік БАҚ-тың баспасөз туры олардың «Жаһандық инвестициялар жөніндегі қазақстандық дөңгелек үстел (KGIR)» форумының шеңберінде өтті.
Төраға Азимова конституциялық әділеттің отандық моделі, 2022 жылғы конституциялық реформаның нәтижесінде жаңартылған форматта құрылған Конституциялық Сот жұмысының, осы органның адам құқығының үстемдігі мен қорғалуын қамтамасыз етудегі рөлі, ұлттық заңнаманы өзектендіру және оның орнықтылығы мен конституциялық бақылаудың осы үдерісіндегі рөлі туралы айтып берді.
Судьялар журналистермен Қазақстанның құқық үстемдігін және адам құқығын қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі жетістіктері мен міндеттерін талқылады. Еліміздің Орталық Азияның басқа мемлекеттерімен қосқан үлесі мен тәжірибе алмасуы, адам құқығы мен құқық үстемдігі саласындағы өңірлік әріптестікті тереңдету перспективалары туралы пікірімен бөлісті.
Журналистерге Қазақстан Конституциялық Соты мәртебесінің ерекшеліктері, сондай-ақ оның 10 ай ішіндегі жұмысының қорытындылары таныстырылды.