Оған күн сайын 2 мыңнан астам адам барады
Күн сайын 2 мыңнан астам адам келетін М. Ганди атындағы саябақ енді талаптардың барлығына жауап береді. Оны абаттандыру «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында бір ай жүргізілді.
Еске сала кетсек, 2 қарашада қала әкімі Ерболат Досаев Алмалы ауданын аралау кезінде жұмыс барысын бақылаған болатын.
Саябақты абаттандыру соңғы рет 5 жыл бұрын жүргізілген. Жамбыл-Жароков-Шевченко-Гагарин көшелері аумағында орналасқан жақын маңдағы үйлердің тұрғындары жарықтандыруды реттеу, жол төсемін, ойын алаңдарын ретке келтіру туралы бастама көтерді. Ойын және воркаут-алаңдарды жаңарту, демалыс аймақтарын, саябақта жүгіру жолдарын ұйымдастыру бойынша ұсыныстарды «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасында дауыс беру кезінде қала тұрғындары белсенді қолдады.
Жұмыстар үш кезеңде жүргізілді. Жаяу жүргіншілер аймағының бойында ыңғайлы демалу үшін орындықтар мен әткеншектері бар 17 пергол орындықтар орнатылды. Саябақта барлығы 62 орындық бар. Оның ішінде 12 орындық, 6 жаңа үйшік орнатылған. Сондай-ақ 62 жаңа урна жеткізілді.
Ашық ауада әуесқойлар үшін шатыр астындағы тренажерлармен бірінші дәрежелі аймақ жасады. Енді кез келген ауа райында спортпен айналысуға болады. Сол шатырдың астына теннис ойнауға арналған үш үстел орнатылды. Жүгіруді қалайтындар үшін ұзындығы 2,2 шақырым ыңғайлы жүгіру жолы дайындалды.
Саябақта серуендеу ыңғайлы болды. Жаяу жүргіншілер жолдары асфальтталып, кеңейтілді. Барлығы саябақта 10 мың шаршы метрден астам тротуар мен жаяу жүргіншілер жолы төселген. Саябақтың орталық алаңында М. Ганди ескерткішінің жанына берік жабындылар төселген.
Енді саябақта шахмат немесе үстел ойындарын стильді жаңа жарықтандырылған үйшіктерде ойнауға болады. 5 ауыз су бұрқағы орнатылды.
Ойын алаңы кішкентай балаларға бейімделген. Бұл туралы аудан тұрғындары саябаққа барған кезде Ерболат Досаевтан өтінген болатын.
Ит иелерінің тілектері ескерілді. Үй жануарларымен серуендеу үшін саябақта көбірек орын пайда болды. Серуендеу алаңы 800 шаршы метрге дейін ұлғайтылды. Кешке саябақты 200-ден астам шам жарықтандырады.
Еске сала кетсек, саябақ ХХ ғасырдың 70-жылдарының басында салынған. Биыл қазан айында саябақтың шығыс бөлігінде үнді халқының саяси және қоғам қайраткері Махатма Гандиге ескерткіш орнатылды. Содан кейін саябақ қазіргі атауын алды.