Оның зайыбы да РФ азаматтығын алды
Ресейдің Бердск қаласында Павел К. есімді Қазақстан азаматы мен оның зайыбына Ресей төлқұжаты тапсырылды. Оны салтанатты жағдайда қала мэрі Роман Бурдин мен қалалық кеңестің төрағасы Владимир Голубев табыс етті.
Қазақстан азаматы Бердск қаласына жұмыс бабымен келген екен. Осы жерде ол әйелімен бірге Ресей азаматтығын алып, Украинаға қарсы соғысқа баруға шешім қабылдады.
Бердск мэриясы Павел К.-ны Новосібір облысынан соғысқа аттанып, Ресей азаматтығын алған алғашқы шетел азаматы деп мәлімдеді.