Президент ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына қатысады
Жиын Минск қаласында өтеді
Динара Амантай
21.11.2023 | 10:16
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 23 қарашада Минск қаласында өтетін ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына қатысады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Сондай-ақ 24 қарашада мемлекет басшысының БҰҰ Орталық Азия елдері экономикаларына арналған арнайы бағдарламасының (СПЕКА) саммитіне қатысу үшін Бакуге жұмыс сапарымен баратыны белгілі болды.