Таразда лауазымды қызметкерлердің төбелесі кісі өлімімен аяқталды

Халық үні

Әріптесін ұрып өлтірген күдікті ұсталып, қылмысын толық мойындаған

фото: видеодан скриншот

Таразда төтенше жағдайлар департаментінің лауазымды қызметкерлері төбелесіп, соңы кісі өлімімен аяқталды. Оқиға жұма күні таңғы сағат алты шамасында «Лаура» қонақүйінің маңында болған, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Әлеуметтік желіде тараған видеода ер адамның қатты соққыдан сұлап түскені анық байқалады. Соққыға жығылған тұрғын жедел жәрдем келгенше жан тапсырған. 

Кейін марқұмның төтенше жағдайлар департаментіне қарасты өрт сөндіру және құтқару қызметінің бөлім басшысы екені анықталды. Ал ұрған ер адам №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің басшысы болып шыққан.

Әріптесін ұрып өлтірген күдікті ұсталып, қылмысын толық мойындаған. Бірақ осы оқиға бойынша тәртіп сақшылары да, төтенше жағдайлар департаменті де қандай да бір ақпарат беруден бас тартып отыр.

Айта кетейік, қаза болған подполковниктің артында алты баласы әкесіз қалды.