Теннисші Бейбіт Жұқаев әлемдік рейтингте жеке рекордын жаңартты
Әйелдер арасында Елена Рыбакина тізімде төртінші орнын сақтап келеді
Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығының (ATP) жаңартылған рейтингінде Бейбіт Жұқаев 187-орыннан 186-ға көтерілді. Бұл – оның дүниежүзілік рейтингтегі үздік көрсеткіші.
Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 32-орнын сақтаса, Тимофей Скатов – 215, Денис Евсеев – 226, Михаил Кукушкин 229-сатыда тұр.
Жұптық сында Александр Недовесов – 44, Андрей Голубев 61-орнында қалды.
Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) жаңартылған рейтингінде Елена Рыбакина бұрынғыша 4-орында келеді. Юлия Путинцева – 69, Аружан Сағындықова – 787-сатыда.
Жұптық сында Анна Данилина – 56, Е. Рыбакина – 118, Жібек Құламбаева 143-орынға жайғасты.