Qazaq Air әуе көліктері Новосибирск қаласына қайта ұша бастайды

Динара Амантай

Көлік министрі ресейлік әріптесімен кездесті

Фото: Halyq Uni

Qazaq Air әуе көліктері Новосибирск қаласына қайта ұша бастайды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, Мәскеуде өткен көлік апталығы шеңберінде Көлік министрі Марат Қарабаев ресейлік әріптесі Виталий Савельевпен кездескен болатын. Тараптар екі ел арасындағы әуе қатынасы саласындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мәселелерін талқылады. Екіжақты кездесудің қорытындысы бойынша Qazaq Air әуе көліктерінің Новосибирск қаласына қайта ұша бастауы туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Осылайша, желтоқсан айынан бастап аталған әуе компаниясы Астана-Новосибирск бағыты бойынша рейстерді аптасына 5 рейске дейін және Өскемен-Новосибирск бағыты бойынша аптасына 2 рейс жиілікпен орындауды жоспарлап отыр.