Екібастұзда жоғалып кеткен 7 жасар қыздың денесі табылды
Баланың анасы күдікке ілінді
Жедел-іздестіру және тергеу іс-шараларын жүргізу барысында кәмелетке толмаған Давыдова Милананың жоғалып кетуінің мән-жайы мен себебі анықталды, деп хабарлады Polisia.kz.
Полиция 2015 жылы туған баланы өлтірді деген күдікпен оның анасы мен танысын ұстады. Олар қылмыс ізін жасырды деген күдікке ілінді.
Ұсталғандар қылмысын мойындаған. Кісі өлтіру дерегі бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Қазіргі уақытта қажет тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиға орнында мамандандырылған топ жұмыс істеуде. Оның ішінде Павлодар облысы ПД, прокуратура және Павлодар облысы әкімдігінің басшылығы бар.
Айта кетейік, 7 жасар Милана Давыдованы іздеу жұмыстары 17 қарашада басталған еді.