Алматы облысында көшеде келе жатқан автобус өртеніп кетті (ВИДЕО)
Оқиға орнына дереу өрт сөндіру бригадасы жіберілді
Алматы облысында электр сымдарының қысқа тұйықталуынан жолаушылар автобусы жанып кетті. Оның видеосы әлеуметтік желіде тарады.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 17 қарашада сағат 16:29-да болған.
Алматы облысы ТЖД кезекші бөліміне Іле ауданы Байсерке ауылында жолаушылар автобусының жанғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына дереу өрт сөндіру бригадасы жіберілді, - деп атап өтті ведомстводан.
Өрттің алдын ала себебі – қозғалтқыш бөлігіндегі электр сымдарының қысқа тұйықталуы.
Өрт жарты сағатта толық сөндірілді. Абырой болғанда, құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Қызыл жалынды ауыздықтауға ТЖД-ның 3 қызметкері мен 1 техникасы жұмылдырылды, - деп мәлімдеді департамент өкілдері.