Halyq Uni логотип
×

Қосшы қаласында 1 229 үй жарықсыз қалып, тұрғындарға ауыз су тарту да қиындады

Қазір қала әкімдігінің жанынан құрылған жедел штаб жұмыс істеп жатыр

 Еркеғали Болатұлы 19.11.2023 | 13:45
Қосшы қаласында 1 229 үй жарықсыз қалып, тұрғындарға ауыз су тарту да қиындады
фото: дереккөз

Ақмола облысының Қосшы қаласында электр жесіндегі апатқа байланысты 1 229 абонент жарықсыз қалды. Қазір қалада табиғаттың тосын мінезінен туындаған зардаптарды жою жұмыстары жалғасып жатыр.

Қосшы қаласы әкімдігінің мәліметінше, қатты желден және жаңбырдың салдарынан 402, 406, 102, 103, 25 электр желілері ажыратылған.

Қала бойынша 1 229 абонент жарықсыз отыр. Электр жарығын қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда, - деп жауап берген қала әкімнің баспасөз қызметі Kazinform тілшісінің сұрағына.

Сонымен қатар, сағат 20:28-де қатты жел Лесная поляна тұрғын үй кешенінде орналасқан №10 үйдің шытырын ұшырып әкеткен. Одан зардап шеккендер жоқ.

Жергілікті атқарушы органдар мен полиция қызметкерлері тұрғындарға ескертіп, үй ауласын көліктерден босатты. Ол жерде қала әкімінің орынбасары және тиісті қызметтердің өкілдері жедел шараларды қолға алған. Бұған қоса, қала әкімдігінің жанынан жедел штаб құрылып, жұмыс істеп жатыр.

Қатты жел электр желісіндегі апаттың зардабын жоюға әлі де кедергі келтіруде. Дегенмен, қысқа мерзім ішінде абоненттерге жарық берілетін болады, - деп толықтырды жауабын әкімдіктің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ электр жарығының өшіп қалуына байланысты қалаға ауыз су беру де қиындаған.

Жарық өшкен соң су жинау стансасында арнайы генератор қосылды. Алайда оның қуаты жоғары қабаттағы пәтерлерге су жеткізуге жетіңкіремей тұр. Жақын уақытта РП 1, РП 4 іске қосылса, қалаға су беру қалпына келтірілетін болады, - дейді әкімдік өкілдері.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама