×

Тоқаев Бас прокуратураға тапсырма берді

Күрес алаяқтармен жүруі керек

фото: akorda.kz

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокуратураға алаяқтармен күресті күшейтуді тапсырды. Бұл туралы отандық бизнес өкілдерімен кездесуі кезінде айтты.

 «Қазір құқық қорғау органдарының жұмысына сыни пікір көп айтылатынын білемін. Тәртіп орнату кезінде үйреншікті тәсілге салу салдарынан парасатты бизнеске кесірі тиетін кездер болуы мүмкін. Сондықтан ашық түрде мәлімдеймін: «таудан сел жүрсе, етектегі тасты ала кетеді» деген тәмсілге салуға жол жоқ», - деді Мемлекет басшысы.

Оның айтуынша, осындай фактілер болса, әр іс бойынша арнайы тексеру шаралары жүреді, білікті баға беріледі.

«2019 жылы өз Жолдауымда бизнестің жұмысына заңсыз кедергі келтіру - мемлекет мүддесіне қайшы қылмыс ретінде қаралуы керектігін айтқанмын. Бұл - Бас прокуратураның жұмысы. Күрес алаяқтармен жүруі керек. Қайталап айтамын, алаяқтармен, аферистермен күресу керек. Бірақ «дәрі деп бергені удан бетер болуына» жол беруге болмайды», - деді Президент.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама