Қар, жаңбыр, көктайғақ, бұрқасын: 19 қарашаға ауа райы болжамы жарияланды
Жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, көктайғақ болады, еліміздің солтүстігінде бұрқасын болады.
«Қазгидромет» РМК Қазақстан аймақтарында 19 қарашада болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.
Республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, соған байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, көктайғақ болады, еліміздің солтүстігінде бұрқасын болады. Еліміздің батысында ғана Солтүстік-батыс антициклонның ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы күтілуде. Қазақстан бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.
Түнде Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, Қарағанды облысының солтүстігінде, Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында 30 м/с және одан аса өте қатты жел күтіледі.