Қазақстанның 3 облысында жолдар жабылды
Республикалық маңызы бар автожолдар желісінде 164 бірлік арнайы техника және 190 жолшы жұмыс істеп жатыр
Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында ауа райының қолайсыздығына байланысты көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды «Қазавтожол» ҰК» АҚ баспасөз қызметі
«Сағат 19.45-тегі ақпаратқа сәйкес ауа-райының күрт нашарлауына байланысты (қар, боран, көрінудің шектелуі) көлік құралдарының қозғалысы Ақмола (9), Қостанай (5), СҚО (8) облыстарындағы республикалық маңызы бар автожолдардың 22 учаскесінде шектелді», - делінген хабарламада.
Республикалық маңызы бар автожолдар желісінде 164 бірлік арнайы техника және 190 жолшы жұмыс істеп жатыр.