Еліміздің екі облысында жолдар жабылды
Күре жолдарда 100 арнайы техника мен 140 маман жұмыс атқарып жатыр
Еліміздің екі облысында жолдар жабылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
«Қазавтожол» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 18.00-дегі ақпаратқа сәйкес ауа-райының нашарлауына байланысты (қар, боран, жол бойындағы көрінудің шектелуі) республикалық маңызы бар автожолдардың 7 учаскесінде жол қозғалысына шектеу енгізілген.
Ақмола облысында 4 жол учаскесі, Қостанай облысында 3 учаске жабық. Күре жолдарда 100 арнайы техника мен 140 маман жұмыс атқарып жатыр, – делінген хабарламада.