Жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысы шектелді
Қостанай облысында бірнеше жол учаскесіне шектеу енгізілді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Қостанай облысында қатты тұман мен жол бойындағы көрінудің нашарлауына байланысты М - 36 «Екатеринбург – Алматы» күре жолының Тобыл қаласынан Сарыкөл ауылына дейінгі аралығында жүк және қоғамдық көліктің қозғалысына шектеу енгізілді, – делінген хабарламада.
Сондай-ақ, Қостанай облысында сағат 16:40-тан бастап жол бойындағы көрінудің шектелуі мен қатты желге байланысты «Қостанай – Әулиекөл – Сұрған» автожолының Әулиекөл ауылынан Октябрь ауылына дейінгі аралығында жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу енгізіледі