Алматы облысында жалған Toyota өнімдері тәркіленді

Динара Амантай

Контрафактілік өнімдердің саны – 520 дана

Фото: Әділет министрлігінің баспасөз қызметі

Алматы облысында жалған Toyota өнімдері тәркіленді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Әділет министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, 15 қарашада Алматы облысында сауда қоймасын тексеру барысында жеке кәсіпкер мен «А» ЖШС-нің «TOYOTA» тауар белгісін (қапталған мотор майын, АКПП үшін сұйықтықты сату) заңсыз пайдалану фактісі анықталған. Контрафактілік өнімдердің саны 520 дана (1 мың 736 литр), жалпы сомасы 5 млн 675 мың 480 теңге болды.

Әділет министрлігінің, Алматы облысы және Алматы қаласы аумақтық әділет басқармаларының қызметкерлері Алматы облысының полиция департаментімен бірлесіп тауар таңбалары туралы заңнаманың сақталуына тексеру жүргізді. Жоспардан тыс тексеруге Toyota компаниясының авторлық құқық иесінің өтініші негіз болды.

Әділет органдары кінәлі тұлғаны ҚР ӘҚБтК-нің 158-бабына (тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін, тауардың шығарылған жерінің атауын немесе фирмалық атауды заңсыз пайдалану) сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылдайды, – деді Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли.

Іс материалдары Алматы облысының Әділет департаментінде және жақын арада сотқа жіберіледі.