Президент Оман сұлтанын құттықтады
Бүгін – Оман халқының төл мерекесі
Мемлекет басшысы Оман сұлтанына құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Хайсам бен Тариқ Әл Саидті Оман сұлтандығының төл мерекесі – Ұлттық күнімен құттықтады.
Бүгінде Оман – саяси тұғыры берік, экономикасы қарыштап дамыған халықаралық қауымдастықтың беделді мүшесі. Аймақтық бірлікті, тұтастық пен бітімгерлікті ту еткен еліңіз Сіздің басшылығыңызбен алдағы уақытта да игі мақсат-мұраттарға жете беруін тілеймін, – делінген құттықтау жеделхатта.
Президент Оман сұлтанының аса жауапты қызметіне табыс, ал бауырлас Оман халқына құт-береке тіледі.