Жаңбыр, қар, көктайғақ: синоптиктер 18 қарашадағы ауа райын болжады

Халық үні

Қазақстан бойынша тұман, жел күшеюі мүмкін

Фото: инфоблог.рф

Қазгидромет 18 қарашадағы ауа райына болжам жасады.

Синоптиктердің болжамынша, республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа-райы сақталады.
Жаңбыр, қар, көктайғақ, солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі.

Еліміздің оңтүстік-шығысында антициклон жотасының ықпалымен ашық, жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады. Қазақстан бойынша тұман, жел күшеюі мүмкін.

Күндіз Жамбыл облысының оңтүстік-батысында 30 м/с және одан да көп жел күтіледі.