Атырауда бірнеше күн бұрын жоғалған бойжеткен табылды
Құтқарушылар іздестіру-құтқару жұмыстарына дереу кіріскен
Бүгін, қарашаның 17-сі атыраулық құтқарушылар сейсенбіде жоғалған бойжеткенді қараусыз қалған қорадан тапты, деп хабарлайды Атырау Төтенше жағдайлар департаменті ресми Instagram парақшасында.
Ведомство ақпараты бойынша, бүгін сағат 10:20-да құтқарушылар Атырау қаласында жоғалған бойжеткенді аман-есен тапты. Қ.А есімді 2003 жылы туған бойжеткен қарашаның 14-і сағат 21:50-де үйінен белгісіз бағытқа шығып, бүгінге дейін оралмаған. 16 қарашада жоғалған бойжеткеннің туыстары
Атырау облысы ТЖД-дан іздестіру жұмыстарын жүргізуге көмек сұрап, өтініш берді. Құтқарушылар іздестіру-құтқару жұмыстарына дереу кіріскен. Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті күштері мен құралдары 2 күн бойы жоғалған бойжеткенді Жайық өзені жағалауынан, далалық жерлерден кинологиялық есептің көмегімен іздестірген болатын.
Іздестіру-құтқару жұмыстары нәтижелі аяқталып, бүгін, 17 қарашада сағат 10:20-да Атырау облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Нуров Руслан, Рахимов Нұржан, Бүркітбаев Жарқынбек, Тампиев Ерболат, Жұмашбаев Бисен, Джумагазиев Мұрат Жұмыскер ы/а орналасқан қараусыз қалған қорадан жоғалған бойжеткенді аман-есен тауып, ПД қызметкерлеріне тапсырды, - делінген хабарламада.