×

Министр қай өңірлерде ауыз су сапасы төмен екенін айтты

Вдомство басшысы елімізде ауыз су сапасына үнемі мониторинг жүргізілетінін атап өтті

 Дәурен Ерболат 17.11.2023 | 17:17
Ақмола облысы, фото: gov.kz

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қазақстанның қай өңірлерінде ауыз су сапасы төмен екенін айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

«Бұл – Қазақстанның орталық және батыс өңірлері. Мысалы, Ақмола облысы, Жезқазған (Ұлытау облысы), кейін Маңғыстау және Атырау облыстары. Мұнда ауыз сумен қамтамасыз етуде мәселе бар. Оңтүстік және шығыс өңірлерде жағдай жақсы», - деді министр.

Вдомство басшысы елімізде ауыз су сапасына үнемі мониторинг жүргізілетінін атап өтті.

Бұған дейін министр суды шектен тыс пайдаланатын шаруалар үшін тариф қымбаттайтынын айтқан еді.

Нұржан Нұржігітов 2023 жылдың қыркүйегінде жаңадан құрылған Су ресурстары және ирригация министрі болып тағайындалды. Оған дейін Жамбыл облысының әкімі қызметін атқарды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама