Halyq Uni логотип
×

Газа секторынан эвакуацияланған қазақстандықтар Алматыға келді

Дипломаттар онда қалып қойған Қазақстан азаматтарына көмек көрсету және эвакуация ұйымдастыруды жалғастырады

 Дастан Жұмабекұлы 17.11.2023 | 16:12
Газа секторынан эвакуацияланған қазақстандықтар Алматыға келді
Фото: gov.kz / Сыртқы істер министрлігі

Бүгін арнайы эвакуациялық бортпен 99 жолаушы – Қазақстан азаматтары мен олардың отбасы мүшелері Алматы қаласына ұшып келді, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігі.

Әуежайдағы барлық міндетті рәсімдерден өткеннен кейін эвакуацияланған азаматтарға уақытша баспана беріліп, оларға қажетті құқықтық, медициналық және өзге де көмек көрсетіліп жатыр. Азаматтарды эвакуациялау Қазақстанның Израильдегі, Иорданиядағы және Мысырдағы елшіліктерінің осы елдердің уәкілетті органдарымен және халықаралық ұйымдармен бірлескен үйлесімді жұмысының нәтижесінде мүмкін болды.

Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыс өңірінің сыртқы саяси ведомстволарының басшылығымен келіссөздер қорытындысы бойынша азаматтарымыздың Газа секторынан қауіпсіз және еш кедергісіз шығуына келісім алды, – делінген хабарламада.

Қазақстандық дипломаттар соғыс майданында қалып қойған Қазақстан азаматтарына көмек көрсету және эвакуациялық іс-шараларды ұйымдастыру жөніндегі жұмысты жалғастырады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама