Halyq Uni логотип
×

Қазақстанда зейнетақы реформасын жасаған мемлекет қайраткері қайтыс болды

Қасым-Жомарт Тоқаев Дәулет Сембаевтың жақындары мен туыстарына көңіл айтты

 Халық үні 15.11.2021 | 16:48
Қазақстанда зейнетақы реформасын жасаған мемлекет қайраткері қайтыс болды

Белгілі қазақстандық қаржыгер, металлург және саясаткер Дәулет Сембаев 87 жасында қайтыс болды.

Дәулет Сембаев Қазақстандағы 1998 жылғы зейнетақы реформасын жасаушылардың бірі ретінде танымал. Ол 1935 жылы 10 тамызда Алматыда мұғалім, кейін Қазақ КСР Халық комиссары, оқу министрі Әбдіхамит Сембаевтың отбасында дүниеге келген. 1958 жылы Қазақ тау-кен металлургия институтын инженер-металлург мамандығы бойынша бітірген.

Осы жылдар ішінде премьер-министрдің орынбасары, 1993-1996 жылдары - Ұлттық банк төрағасы, Сенат депутаты болды. 2009 жылдың желтоқсан айынан бастап Халықаралық бизнес академиясының Қамқоршылық кеңесінің мүшесі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дәулет Сембаевтың жақындары мен туыстарына көңіл айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті мемлекет қайраткері, белгілі қаржыгер Дәулет Сембаевтың қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.

Дәулет Хамитұлы зауыт шеберінен Премьер-министрдің бірінші орынбасары, ҚР Ұлттық банк төрағасы қызметіне дейінгі үлкен өмірлік әрі кәсіби жолдан өтті. Оның еліміздегі қаржы секторын қалыптастыруға және дамытуға, ұлттық валютаны енгізуге, Тәуелсіз Қазақстанның зейнетақы реформасын жүргізуге сіңірген еңбегі зор. Ол жаңа экономикалық саясаттың жолға қойылуына өлшеусіз үлес қосты. Сенат депутаты, Қаржыгерлер ассоциациясы кеңесінің төрағасы ретінде қаржылық-экономикалық заңнаманы жетілдіру үшін ауқымды әрі тиімді жұмыс істеді, – делінген жеделхатта. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Дәулет Сембаевтың зор бедел мен құрметке ие болғанын және жас қаржыгерлер буыны оны үлгі тұтқанын атап өткен.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама