Halyq Uni логотип
×

Павлодарда көлік апатын зерттейтін жұмыс тобы құрылды

Биыл Қазақстанда жол-көлік оқиғасы 9% артқан

 Дәурен Ерболат 17.11.2023 | 10:01
Павлодарда көлік апатын зерттейтін жұмыс тобы құрылды
Фото: pavlodarnews.kz

Павлодарда көлік апатын зерттейтін ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.

Павлодар облысы бойынша Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің департаменті көлік апаттары мен олардан зардап шеккендерді есепке алу бойынша талдау жүргізді. Нәтижесінде облыс әкімдігімен бірлесіп, ведомствоаралық топтың отырысы өтті. Онда көлік апатын есепке алу, жол қозғалысы саласындағы полицияның профилактикалық жұмысы туралы баяндамалар тыңдалды. Ұсыныстар мен нұсқаулар әзірленіп, талқыланды. 

Жиында мал жаю, көліктерді қысқа дайындау, қарды тазарту, көшелерді жарықтандыру және тағы басқа ұсыныстар әзірленді.

Бас прокуратура Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің атынан облыс әкімдігі мен комитет департаментінің бірлескен бұйрығымен мүдделі мемлекеттік органдардың арасынан көлік апаттарының себептерін зерттеу үшін ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды, - деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ жол қауіпсіздігі деңгейін арттыруға бағытталған шаралар мен ұсыныстар әзірленіп жатыр.

Жалпы, елімізде жыл сайын көлік апатынан 2 мыңнан аса адам көз жұмады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама