Halyq Uni логотип
×

TikTok және Kazakh Tourism бірігіп, туризмді дамыту жобасын бастады

Бұл жұмыс Астана, Шымкент қалаларынан басталады

 Дастан Жұмабекұлы 17.11.2023 | 09:47
TikTok және Kazakh Tourism бірігіп, туризмді дамыту жобасын бастады
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Қытайдың TikTok әлеуметтік желісі мен Kazakh Tourism ұлттық компаниясы #ГидПоКазахстану жобасын іске қосты. Жоба аясында еліміздің көрікті мекендері, мәдени және гастрономиялық туризмге арналған орындар туралы бейнегидтер түсіріледі, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі.

Жобаның мақсаты – платформа қауымдастығының назарын ішкі туризмге аудару, туған елімізге көбірек саяхаттауға құлшындыра отырып, шағын және орта бизнеске көмектесу, оған қоса, мәдени және туристік ұйымдарға өздері туралы айтуға, жаңа аудитория табуға септесу, – деп хабарлады министрлік.

Бейнегид TikTok жобаларының ресми парақшаларындағы интерактивті картада қолжетімді болады. Қолданушы еліміздің әр облысына басқан кезде аймақ туралы бейнероликтері және тамаша көрікті жерлері бар беттер ашылады.

Kazakh Tourism ұлттық компаниясы мен TikTok арасындағы ынтымақтастық еліміздің туристік нысандарына назар аударта отырып, жаңа бағыттарды ашады деп үміттенеміз. Біз TikTok қолданушыларына Қазақстанның мәдени және гастрономиялық байлығын қолжетімді етіп қана қоймай, оларды да осынау бірегей жобаға белсене қатысуға шақырамыз. Осы серіктестіктің арқасында TikTok-тың әрбір қолданушысы бірегей онлайн нұсқаулықты жасауға үлес қоса алатын белсенді гид бола алады, – деді Kazakh Tourism ұлттық компаниясы басқарма төрағасының міндетін атқарушы Қайрат Садуақасов.

Науқан еліміздің ең ірі екі қаласы – Астана мен Шымкенттен басталады. Бұл жерде аталған екі қаланың мәдени ұйымдары, мейрамханалары мен басқа да мекемелері өздері туралы мәліметтер беріп, интерактивті туристік карта жасалады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама