Онда қор қызметінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселесі талқыланған
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев басқаратын «Самұрық-Қазына» қорының басқарма кеңесін таратып жіберді.
«Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстанның 2012 жылғы 1 ақпандағы Заңында 6-1-бап («Қорды басқару жөніндегі кеңес») алынып тасталды»,- делінген «Самұрық-Қазына» АҚ баспасөз қызметінің хабарламасында.
Мемлекет басшысы Қорды басқару жөніндегі кеңесті тарату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойды.
Қорды басқару жөніндегі кеңес – оның міндеттеріне Қор қызметінің бәсекеге қабілеттілігі мен тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу кіретін консультативтік-кеңесші орган.