Республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі
«Қазгидромет» РМК Қазақстан аймақтарында 17 қарашада болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.
Республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі.
Еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында антициклон жотасының ықпалымен ашық, жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады. Қазақстан бойынша тұман, желдің күшейюі күтіледі.