Шымкентте полицейлер лудоманияға шалдықпас үшін ұлттық ойындар ойнады (ВИДЕО)
Олар психологтарға алғыс айтты
Шымкентте полиция қызметкерлері лудоманияға шалдықпас үшін ұлттық ойындар ойнады, деп хабарлады Polisia.kz.
Қаладағы «Динамо» спорт кешенінде психологтар полицияға арнап, лудоманияға тәуелділікті болдырмау үшін тимбилдинг-практикум ұйымдастырды.
Іс-шарада мамандар тәртіп сақшыларына эмоциясын бақылауда ұстауды үйретіп, лудоманияның салдарын түсіндірді. Сондай-ақ тимбилдинг-практикум барысында полицейлер қазақтың ұлттық ойындарын (арқан тарту, асық ойыны, ләңгі тебу) ойнады. Олар іс-шараға белсене қатысып, психологтарға алғыс айтты.