×

Террористік топтың мүшесі Болгариядан экстрадицияланды

Қазір күдікті Астана қаласының тергеу изоляторына қамауға алынды

 Динара Амантай 16.11.2023 | 15:33
Фото: видеодан скриншот

Бүгін Бас прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және ІІМ Интерполының қызметкерлері Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жәрдемдесуі арқылы Болгария Республикасынан Қазақстанның азаматын террористік топтың жұмысына қатысқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында экстрадициялады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ведомство өкілдернің мәліметінше, ол радикалды діни ағымның ұстанушысы бола тұра, 2015 жылы Сирия Араб Республикасының аумағына барып, террористік топтардың бірінің құрамына кірген. Осыған байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, оған халықаралық іздеу жарияланды.

Биыл мамырда ол Болгария аумағында ұсталды. Қазір күдікті Астана қаласының тергеу изоляторына қамауға алынды. Фигурантты экстрадициялау Болгария тарапымен 2014 жылғы 14 қарашадағы адамдарды ұстап беру туралы екіжақты шарттың болуына байланысты мүмкін болды, – делінген прокуратура хабарламасында.

Күдікті айыпталып отырған бұл қылмыс түрі үшін мүлікті тәркілеумен бірге 8 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама