Тәртіп бұзған азамат ҚР ӘҚБтК-тің 434-бап бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Бүгін таңғы сағат 5.50-те Астанада полицейлер Иманов пен Брусиловский көшелерінің қиылысындағы аялдамада тұрған автобустың әйнегін сындырған ер адамды ұстады. Ол қаланың 34 жастағы тұрғыны болып шықты.
Тәртіп бұзған адам ҚР ӘҚБтК-тің 434-бап бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды (ұсақ бұзақылық) және уақытша ұстау бөлмесіне орналастырылды. Жиналған материал шешім қабылдау үшін әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа жіберілді, – деп хабарлады қалалық полиция департаменті.
Бұған дейін хабарланғандай, Астанада аялдама әйнегін сындырған ер азамат ұсталған болатын. Ол Республика даңғылы мен Кенесары көшесінің қиылысында автобус аялдамасының әйнегін сындырып, кешірім сұрады. Қоғамдық тәртіпті бұзған ер адам әйнекті аяғымен теуіп, сындырып жатқанда бейнекамераға түсіп қалған.