×

Елімізде тағы бір ауыл облыстық маңызы бар қала мәртебесін алады

Қазір ол – ауылдық округтің орталығы, темір жол стансасы

 Еркеғали Болатұлы 16.11.2023 | 12:58
фото: yandex.kz

Алматы облысының Жетіген ауылы облыстық маңызы бар қала санатына қосылатын болды.

Жоба ашық НҚА порталында жарияланды.

Алматы облысы Іле ауданының Жетіген ауылы облыстық маңызы бар қала санатына жатқызылсын. Алматы облысында құрылған жаңа қалаға Алатау атауы берілсін, - делінген «Алматы облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы» президент жарлығы жобасында.

Жоба 29 қарашаға дейін жария талқылауға шығарылды. Оны іске асыру жөніндегі қажетті шараларды Үкімет қабылдайды.

Айта кетсек, Жетіген – Алматы облысы Іле ауданындағы Жетіген ауылдық округінің орталығы, темір жол стансасы.

Бұған дейін Ақмола облысының Целиноград ауданына қарасты Қосшы ауылы қала мәртебесін алған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама