×

Халықты әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне тарту шаралары әзірленді

МӘМС-ке жарналар мен аударымдарды іс жүзінде жүргізетіндердің саны төмен

 Динара Амантай 16.11.2023 | 09:44
Фото: gov.kz

Қазақстанда экономикалық белсенді халықты әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне тарту бойынша шаралар әзірленді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ақпараттық деректер базасын талдау нәтижелері бойынша МӘМС-ке жарналар мен аударымдарды іске асыратын қазақстандықтар санының төмен деңгейі анықталды. Мәселен, нақты төлеушілер 5 миллионға жуық немесе қазақстандықтардың 25%-нан аспайды. Елдің жекелеген өңірлерінде көрсеткіш жергілікті халықтың бестен біріне жетпейді.

Айта кетсек, 15 жеңілдікті санаттағы 11,7 миллион азамат МӘМС бойынша медициналық көмекті мемлекет есебінен алады.

Әлеуметтік медициналық сақтандыруды қамту жағдайын объективті бақылау және оны ұлғайту бойынша уақтылы және тиімді шаралар қабылдау үшін Денсаулық сақтау министрлігінің жанынан Ведомствоаралық жобалық кеңсе құрылды. Оған өңірлік штабтардың жұмысын үйлестіретін ДСМ, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті, ӘлМСҚ және МӘСҚ өкілдері кірді.

Қазақстандықтарды МӘМС жүйесіне тарту бойынша жұмыс үш негізгі бағыт бойынша жүргізілетін болады.

Біріншісі – қанағаттанарлықсыз, дағдарыстық және төтенше жағдайдағы азаматтарға қатысты жұмыс. Бүгінде отбасының цифрлық картасының деректері бойынша, әл-ауқаттың осы деңгейлеріне сәйкес келетін қазақстандықтар – 2,2 млн адам. Жергілікті атқарушы органдардың жанындағы штабтар біріншісін жұмыспен қамту шараларымен қамтамасыз ету және екіншісін жеңілдікті санаттар тізіміне енгізу мақсатында олардың арасында экономикалық белсенді және еңбекке жарамсыз адамдарды анықтауға тиіс. Бұдан басқа, осал санаттағы адамдар үшін МӘМС жарналарын ЖАО төлеу тетігі мәселесі пысықталатын болады.

Екінші бағыт ЖАО-ның мемлекеттік кірістер органдарымен өзара іс-қимыл арқылы бейресми жұмыспен қамтылған халықты тарту болды. Олардың бірлескен жұмысы тіркеусіз кәсіпкерлік қызметті іске асыру фактілерін анықтау бөлігінде күшейтілетін болады.

Үшінші бағыт – МӘМС бойынша төлемдерді уақтылы жүргізбейтін жұмыс берушілермен мемлекеттік кірістер органдарының жұмысын жандандыру. Мұнда әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі борышкер ұйымдар туралы айтылып отыр.

Осылайша, негізгі практикалық жұмыс қалалық және аудандық деңгейде жүргізілетін болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама