Өскеменде 3 оқушыны көлік қағып кетті

Халық үні

Түрлі дене жарақатын алған үшеуі де ауруханаға жатқызылды

Фото: Polisia.kz

Өскемен қаласында көлік қаққан 3 оқушы ауруханаға түсті, деп хабарлайды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

ПД мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 14 қараша күні кешкі уақытта болған. 13-14 жас аралығындағы балалар жаттығудан шығып, үйлеріне қайтып бара жатқан.

Сәтбаев көшесі мен Жібек жолы даңғылының қиылысында келе жатқан жеңіл көлік жүргізушісі жолдан өтіп бара жатқан 3 баланы қағып кетті. Соның салдарынан түрлі дене жарақатын алған үшеуі де ауруханаға жатқызылды, - делінген ақпаратта.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 345-бабы 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. 

«Бірқатар сот-медициналық сараптама тағайындалған. Соның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады», - делінген хабарламада.