×

Газа секторы: бүгін шығарылған қазақстандықтар Каирге жетті (ВИДЕО)

Оларды Мысырдан алып кетуге арнайы ұшақ жіберіледі

 Дәурен Ерболат 15.11.2023 | 17:39
Фото: СІМ-нің баспасөз қызметі

Газа секторынан эвакуацияланған Қазақстан азаматтары Каирге жетті, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігі.

Ведомство мәліметінше, Газа секторындағы қазақстандықтарды эвакуациялаудың бірінші кезеңі іске асырылып жатыр. Нәтижесінде «Рафах» бақылау-өткізу пункті арқылы Газа секторынан Мысырға 92 қазақстандық пен отбасы мүшелері өткен.

Бүгін Газа секторынан эвакуацияланған отандастарымыз Каирге жетіп, қонақ үйге жайғасты. Қазақстандық дипломаттар мен халықаралық ұйымдардың қызметкерлері оларға барлық қажет көмекті, оның ішінде психологиялық қолдау көрсетіп жатыр, - деп жазылған хабарламада.

СІМ барлық Қазақстан азаматы Газа секторынан Каирге аман-есен жеткізілгеннен кейін Үкімет оларды елге жеткізу үшін эвакуациялық борт жіберетінін атап өтті.

Бұған дейін Сырқы істер министрлігі Газа секторындағы қазақстандықтарды эвакуациялау басталғанын хабарлаған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама